• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел-бір кітап" Республикалық акциясы 2019 ж.

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын жалпы оқуға ұсынады.

Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.

"Әбіш Кекілбайұлы - еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас құбылыс. Ол – феномен. Ол – тұтас әлем. Ол – айтқан сайын, қадалған сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани ұлы тұлға".

Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды.

Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес . Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.



2015 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы   Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.) ...

Жаңалыққа өту  

саый2014 жылы ел болып оқу үшін Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып ...

Жаңалыққа өту  

2013 жылы халық жаппай оқитын кітап ретінде Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды. Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 ...

Жаңалыққа өту  

орал2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акция кітабы болып Оралхан Бокеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағы анықталды. ...

Жаңалыққа өту  

2011 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы республика көлемінде насихатталды.  Жүсіпбек Аймауытов (1889 - ...

Жаңалыққа өту  

2010 жылы «Бір ел – бір кітап»  акция аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын»  поэмасы  жыл кітабы болып таңдалды. Жұбан  Молдағалиев (1920ж ...

Жаңалыққа өту  

2009 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналып отыр.  Мағжан-қазақ поэзиясының  Абайдан кейінгі алыбы.  Кезінде ...

Жаңалыққа өту  

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері биылғы жалпыұлттық оқуға жалпыадамзаттық және ұлттық гуманизм идеяларын, тарихи-мәдени дәстүрлерді айқындайтын, ...

Жаңалыққа өту  

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2007 ж. Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу